ВЕРНУТЬСЯ

            Құс жолына жеткенше сенделемін,

Жеткен күні басылар шөлдегенім,

Тоқтата алмай түнеріп тынарсыңдар,

Тауға тартқан табыттың дөңгелегін.

Құлағына

Қорқыттың күйі сіңбей,

Қоғам қалар Бетпақтың бүйісіндей,

Жырларымның жұпарын
жұтарсыңдар,

Жұлып
алған жусанның иісіндей.

Жұлдыз да емен,

Ай да емен,

Күн де емеспін,

Періштеге теңемес мүлдем ешкім,

Мен кетермін өзімнің Құс жолыммен

Найзағайдың тағдырын күндемеспін.

Қаршадайдан құс
сүтін ішкеніммен,

Құс ұйқы
боп,

К,ыспаққа түскеніммен,

Құс қанаты
жауса да,

Жыл құсындай

Оралмаспын мен, бірақ Құс жолыммен!..

шырылдаса
бозторғайлар,

Оянбайды бәз тойғандар.

Сайраса да жезтаңдайлар,

Селт етпеуге қол қойғандар.

Қағылса да қоңыраулар,

Естімейді саңыраулар.

Қайдасындар, сөз ұғарлар,

Қайдасыңдар көзі барлар?

тозған
пейіш» шоіішатасы

«ДАЛАМ!» -
ДЕСЕМ

Қалам! -
десем:

құлындағы
дауысым құраққа шығып,

жаңғырығым
жатады жыраққа сіңіп,

көгенкөз бұлақ
кенеттен күлкісін тиып,

іргеме келіп аунайды жылап басылып.

-        Далам! -
десем:

құшақтасып
тауменен тау көріседі,

суыт аттанған сұр
бұлттар сау желіседі.

қанжығасынан қан аққан қасіретім мен

атпал үмітім жан алып жан беріседі.

-        Далам! -
десем:

жарасы батып жүрегім жан ұшырады,

жанарымның жасы таусылып, қаны шығады,

арыстарымды ойлаймын арланар ма деп,

кеудеде шыбын жаны мен намысы бары.

-        Далам! -
десем:

Еділ байларым
күйсеген қала-көгенде

бұршағын үзіп шығар ма ала көбеңде?

Кебінді тастап,

кебенек кисем бе деймін,

дүмбілез күйден арылып,

-        Дала!!! -
дегенде!..