ВЕРНУТЬСЯ

           Қара
балшық?

Қандай бұл қара балшық,

Құлан-таза дертіңнен алар аршып?

" Балшық деген баттасқан кір еді ғой,

Ол да жатыр кәдеге жарағансып.

«Қардың басын қар алар» -

Қандай шындық!

«Ханның басын хан алар» -

Сондай сұмдық!

Тебістіріп қойғаны-ай тектестерді,

Бірін-бірі түбінде жалмайтын ғып.

Қатыгез-ау,

Қатал-ау өмір заңы,

Өзегіңді өртейді небір зары.

Қара балшық жаққанға кетер ме екен,

Көңіліме жұғыпты көмір дағы?

Балықтай боп сең соққан сенделейін,

Мұз шайнаған жалғыз-ақ мен бе дейін,

Қайғы жұтып, құсаға түсіп ем ғой,

Қайғыменен ендеше емделейін.