ВЕРНУТЬСЯ

           Қорлықты мына кім
көрген:

Алматы толы -
үйсіздер.

Үйсіз де күйсіз
жүргенмен

ұрпақтың
қамын үнсіз жер

Кіргені - кісі есігі,

Соған да көңіл жайланар.

Сәбидің сәмбі бесігі

Тербелер бұрыш
қайда бар?

Ол үшін кім бар қайғырған,

Алматы толы - жетімдер.

Малдасын құрған
маймылжан,

Торыңның маған шетін бер!

 Қара жер хабар берсінші

Тартатын болса
қойнына.

Жыланнан арқан өрсінші

"Оралып қалсын мойныма.

Айналды орман көмірге,

Айналды күлге қайыңдар.

Алаң бар ауыр көңілде,

Жүректе удай уайым бар.

Бұлбұлдар
бүгін көбейді

Орманның айтқан тілегін.

Мен жайлы олар не дейді?

Дейтіндей, бірақ кім едім?

- Қиыннан
қашып кетті, - деп,

Түскенде ауыр елге сын, -

Төбемді жатса тепкілеп,

Қара жер хабар бермесін!