ВЕРНУТЬСЯ

         Пісіміллә...

Қайдан жүр кісі мұнда?...

Жын бар ма екен көздердің қысығында,

Кім қалды екен сөздердің ұшығында,

Пісімілла, пісімілла...

Пісіміллә,

Перизат, перілердің

Көрпесінде күйеудей керілермін,

«Пісіміллә» деуге де ерінермін,

сынығындай сонау бір серілердің.

Пісіміллә,

пейіштің пендесіндей,

Пәнилікке кетермін жерге сіңбей,

Баспалдақтар барады сүріндіріп,

Сағақтағы сырғақтың пернесіндей.

Пісімілла, періңді шақыр маған,

Мені көрсе көк аспан шатырлаған,

«Пісіміллә» демеске шарам қайсы,

Жүрегінен аспанның от ұрлағам!