ВЕРНУТЬСЯ

Ғайыбына қамқоршы

Ғаріп ата ұғылға.

Адал перзент жібермес

Атаның сөзін шығынға.

Ең болмаса, ескерер

Айы менен жылында.

Аталық кеңес уағзаны

Сөйлеген нешеу бұрында.

Сол жаһатты сөз жаздым,

Рүстембек, Шайхы шырынға.

Сіздерге бұл сөз насихат,

Есен жүрсең, ер жетіп:

Орынсыз іске ұрынба!

Барша тәннің сұлтаны-

Көңіліңді үйретпе.

Шындықтан бөтен қырынға!

Сал қолыңды сазбенен

Сахауат атты ырымға!

Үйір қылма құлақты

Қапылат деген тығынға!

«қасарма қалша» атанбай,

Болғыл көптің ығында!

Басыңды берсең-мияссар

Уағыдасы мығымға.

Еңбек қылсаң, ерге  қыл,

Бал төкпе шіркей-шыбынға!

Мағрұр болмай жастыққа

Баһарлы сөзден пайда қыл,

Болпрсың кеңес нұбында

Жорға мініп жостырып

Шалқақтайтын шақ емес,

Тақтырып үкі тұлымға.

Ер белгісі-құнында,

Зер белгісі-пұлында,

Шын сейістер-ат қояр

Желіде тұрған құлынға.

Ұрмақ тиіс балғаны

Темірдің қызу жұбында.

Өлшеп заман низамын,

Тәрбиелі талапқа

Ұмтыла басып қимылда!

Қос шамшырақ көздерді-

Сұнқарша қарат қырымға!

Қысқартып қадам өрісін-

Айналып қалма жырымға!

Менмендіктің иісін,

Келтіре көрме мұрынға!

Денсаулыққа зор кесел

Үйрете көрме ауызды

Насыбай-напақ, шылымға!

Дағды алдырма тіліңді-

Келеңсіз кеңес жыбырға!

Азаматтармен әмра бол-

Көп жегілген шығырға.

Жаһылдың жаққан отына-

Отырып жақын жылынба!

Төрт түрлі жауһар асыл бар,

Адамзаттың «құлында»-

Төрт дұшпан бар оларға,

От пен су мысал форымда.

Әдепкі жауһар-ақыл дұр,

Ашу-шайтан әскері

Деп тұрар: «Оны-ұғырла!»

Ақылды шайтан ұрласа,

Мінерсің түрлі тұғырға.

Екінші жауһар-әділдік,

өмір серік мейманың-

тұрғанда дұшпан сынында.

Жалған айтпа, жалтарып,

Болғыл тастих нұрында!

Үшінші жауһар-ұят дұр,

Тамғы қылмай таза жүр,

Жыртып ұят пердесін-

Абыройдан сылынба!

Төртінші жауһар-қанағат,

Ақ малыңды алдырма-

Сұқаншы ғайбат шұғылға!

Аяғыңды аңдап бас,

Ойылма ұят жылымға.

Саһаттықпен сәлем хат

Жолдағушы дүр Омар-

Қызылдың қия құмында.