ВЕРНУТЬСЯ

Күмісбай бала емессің тамырланған,

Жастықта талай жарымес забырланған.

«Үйінде Досбай да бар» дегеннен соң,

Біз келдік сәлем бере сағынғаннан.

Бір жілік бесеу ара асып беріп,

Өзіңді кем көрмедің «шабылғаннан».

Оны да артық көріп, әйеліңе-

Дауысың қатты шықты қоңырланған.