ВЕРНУТЬСЯ

Сөйлеуге табылмайды сөздің ізі, 

Шықпайды кембағалдан шын қырмызы.

Бұл күнде мәдениет жолын біліп,

Қазақтың дана болды ұлы - қызы.

Бастағы «бағалының» базары айнып.

Бақсының секілденді құр қобызы.

Большевик бастап алға еңбекшіні,

Жаһанға жария болды білім тұзы.

Қор болып қында жатып қырық жылдай,

Біздер бір теміртекпіз тозған жүзі.

Шыршықтан шығып жатқан сағасы жоқ,

Секілді құр жылтырақ қақтың мұзы.

Көрсе екен жандар рахат жалаң аяқ,

Білінбей табанында жердің сызы.

«Бірлікте, біттік дүние!» десек тағы,

Аласот халық көңілінде бар жел - құзы.

Көк шалғын айналасы, сырты сабат,

Шырайлы Сыр бойының жаз бен күзі.

Тоқсанның толқындатып қатуында,

Көрінер көзге сұлу мұз теңізі.

Қыс кетіп, жаз келгендей жадырасын,

Болса екен тап осындай халық негізі!

Мемлекет мамырстан бола қойса,

Қолынан күншілердің түзер бізі.

Адамзат, хайуанаттар бір тәрізді,

Шынара халық ішінде бар егізі.

Жасықтай жазғытұрғы босқа жатпай,

Кел, көңілім, көже қатық майша шыжы!

Өмірдің өрнегінен етіп мысал,

Жазуға хикаяттың келді кезі.

Өтіпті ілгеріде қара шекпен,

Кем еді, кедейліктен ерні кепкен.

Қолайлы қорек қылар нәрсесі жоқ,

Орманда дақылы бар аз - маз сепкен.

Таусылды бір күндері қаптағы астық,

Басына балалардың түсті аштық.

Дөңбекшіп түніменен жата алмайды,

Көңіліне бейшараның келіп пәстік.

- Егіннен, піскен болса, бірер десте,

Балаларға қорек болар келер кешке,

Барып кел, отағасы, орман жаққа!-

Дегенді зағипасы түсірді еске.

Иніне ерте тұрып, салды қабын,

Қолға алды бидайсабар қол тоқпағын.

Таба алмай егінінен піскен дақыл,

Аралап қайтты кешке егін жағын.

Жолықты бір қасқырға қатты қашқан,

Аузынан нар бурадай көбік шашқан.

Жалынып жағдай айтып жылай берді,

Басына баратқандай құлап аспан.

- Ау, жаным, менің өзім қасқыр едім,

Орманда неше күндей аш жүр едім.

Сол жақтан жедім баспақ ебін тауып,

Қашаннан жаман атқа мәшһүр едім.

Етпесең етегіңді маған жабу,

Келеатқан мүсәпір боп қашқан едім.

Көрді де бір топ атты қуды мені,

Ат - абзел, қару - жарақ жоқ бір кемі.

Жүгіріп, сілем құрып жеттім мұнда,

Басыма бәле болып бұзау жемі.

Қасыңа қарайладым, ей, қарындас,

«Қолынан келер - ау, - деп, - дерттің емі».

Қарағым, келіп тұрмын мұндай халға,

Әлқисса, сізден болар жанға далға.

Сізбенен қуғыншының ісі болмас,

Артыңа таста мені, қапқа сал да!-

Қасқырға қара шекпен келді райы,

«Өзіме тиер, - демеді, - паруайы».

Тыншытып тілегіне жұмыс етті,

«Болсын, - деп, - бейшараның менен жайы»

Қасқырды жасырмақ боп салды қапқа,

Тастады аузын буып артқы жаққа.

Ішінен қуғыншының келді біреу:

«Кетті, - деп, - қасқыр қайда?» сұрамаққа.

-Ау, жаным,қасқыр деген азулы аң-ды,

Аямас, ашуланса, ешбір жанды!

Қайтыңдар, аттарыңды әуре қылмай,

Көп болса жеген шығар бір танаңды.

Ол қасқыр өтіп кетті қашуменен,

Аузынан ақ көбігін шашуменен.

Бастаған малың шығар шығасыға,

Мерт қылар біреуіңді ашуменен,-

Деген соң қуғыншылар қайтты налып,

Өкініп: «қап - қап!» десіп, қайран қалып.

Бет алып кейін қарай жүре берді,

Қойғанын қайдан білсін қапқа салып.

Қуғыншы қайтты кейін көзден таса,

Қасекең қапта жатыр етіп наша.

Босатып қаптың ауызын жібергенде,

Досына берді «досы» зор тамаша.

Қасекең қарап алды төңірекке,

Жолаушы жол үстінде кемірек пе?

Елеріп бейшараға деді былай:

-Қозғалып қол - аяқты қыбыр етпе!

Жемекке сені дереу түзеттім ой,

Көп былшыл қисаңдаған сөзіңді қой!

Түбі бір туысқанның,әлгі, сенің,

Басыма сала жаздады бір үлкен той!

Көңіліне шүбә кіріп, етті қастық,

Ақымақтық, әуел баста еткен бостық.

Сасқаннан қара шекпен жылай берді:

-Ей, бөрі, етсейші, - деп, - досқа достық!

Бұл сөзді қасқыр тыңдап кеңеспеді,

«Жеймін, - деп, -жедеғабыл» өңештеді.

Жамандық жолдасына ететұғын,

Бөрі де аңның бірі емес пе еді?

-Кел қасқыр, сөйлесейікжүріп жолмен,

Ажалды кім тоқтатар ұстап қолмен?

Бұл сөзді, кім де болса, сынатайық,

Қайсы бір мақұлыққа тура келген.

Бұл сөзді қасекең де қабыл етті,

Екеуі осылай деп жүріп кетті.

«Көңілі қара шекпен біте тұрсын,

Мен жемей, қайда қашып кетер?» депті.

Алдынан жортқан түлкі кез келеді,

Осылай келе жатып түзеп бетті.

Түлкіге қара шекпен айтады арыз:

-Тыңдауға қаріп сөзін, сізге парыз.

Ашып айт білгеніңді әділдікпен,

Жұмыс бар арамызда осы тәріз.

Жұмысын сөйлей берді әуелі, ақыр,

Қайтсын түсіндірмей кедей пақыр.

Істеген жақсылығы жамандық боп,

Бейшара, күйіп - жанып бара жатыр.

-Сөзіңе, - деді түлкі, -тұрмын нанбай,

Мені де көңілің бар ма алдағандай?

Адамның арқан ескен әулетісін,

Өтірік үзік жібін жалғағандай.

Бұл қасқыр, аю, арыстан, пілден соңғы,

Ерлікте азулы аң жоқ мұнан оңды!

Қайсар күш қаһарланса қайтпайтұғын,

Екпіні еріткендей қатқан тоңды!

«Қыбыма салып, сақтап қалдым» дейсің,

Нандырғыл наданға айтып мұндай халді.

Сөзіңнің шүбәсі бар қилы - қилы,

Қашырған, сен бір қапыл, бастан миды.

Қабыңа осы түрлі келбетімен-

Қасекең, мен сенбеймін, қалай сыйды?

Қорықты онан сайын, бұл бейшара,

Қасында айғағы жоқ жалғыз дара.

-Нанбасаң бұл сөзіме, түлкі тақсыр,

Көзбе - көз қасқырдан да сұрап қара!

-Ей, түлкі, жан қысылса екен қиын,

Болмасын өтірік сөз, іште түйін.

Қуғанда бір топ атты қиқу салып,

Білмедім не болғанын, қаңғып миым.

Жалындым: «Қапқа салып, алып қал!» деп,

Тұрғанда жан қысылып, тайып күйім.

Ашқанда қара шекпен қаптың ауызын,

Ішіне болмай кетті ағаң бұйым.

-Апыр-ай, адам сөзі болды ма рас,

Әзелден ата дұшпан бізге мирас?!

Ашпасақ әділдікпен екеуіңді,

Көрінер, сырт сынауға, көзге қораш.

Ей, қасқыр, сіз бенен біз бір жыныста,

Осындай қауышармыз әр жұмыста.

Әр істің ретімен іс етпесек,

Жайылар жаманат сөз әрбір тұсқа.

«Тәртіпсіз, тартыпты, - дер, - бауырына»,

Опасыз адамизат, ақылы қысқа.

Жеміңді, жердің кеңіс, жейсің - дағы,

Алқымға ауыз салып әзір қыспа!

Төрелік: сасқандағы сазыңа түс!

Сіз де бар екі бастан есепсіз күш!

Адамға одан кейін көрсетілер,

Жаһанда жан көрмеген ғажайып іс!

«Мақұл» деп қасқыр сорлы, қапқа кірді,

Баяғы сасып келген тапқа кірді.

Қасқырдың қараулығын білгеннен соң

Аузына ашылмастай қақпа құрды.

Қасекең, қауіп қылмады, «бауырлас» деп,

«Бұл түлкі - туысқаным, ауылдас» деп.

«Төтесін төреліктің маған берер,

Ренжіп, ешбір жерім ауырмас» деп.

Қасекең, қап ішіне кірді «шүу» деп,

Қалайда ойламады «түлкі қу» деп

Қабына қасқыр әбден жайласқан соң,

Адамға етті ишарат: «аузын бу» деп.

Адам да басын изеп, ыма берді,

Түлкінің не айтқанын қыла берді.

«Тоқпақты қолыңдағы қайтесің» деп,

Түлкекең, жұбауратып сұрай берді.

-Тоқпақпен, бидай піссе, соғам, - дейді,

Соғуға бұл тоқпағым, қоғам, - дейді.

Түрленіп түлкі сонда күлімсіреп:

«Соққанды көрсетсейші бұған! - дейді.

Түлкінің түсінді адам нұсқауына,

Арманда еді қолға ұстауына.

Қасқырды тоқпағымен төпей берді:

«Асықсаң бар, - деп, - жорам, қыстауыңа!»

Қасекең қапта жатыр тайдай тулап,

Үстіне жауды тоқпақ будақ - будақ!

Қызыл қан қай жерінен кете берді,

Селге ұқсап жазғытұрғы аққан зулап!

Қасқырдың қара шекпен басты мауқын,

Түлкіден үйрендіде өнер зауқын.

Тастады өлімтігін қаптан алып,

«Өзіме тиер» деген үзін қаупін.

Қасқырдың тілпарша боп жон терісі,

Ісінің мағлұм болды оң - терісі.

«Жамандық - жақсылыққа» щйлағанға,

Түлкінің тура келді төңкерісі.

Достығын дурак қасқыр «бұзамын» деп,

Қызылға бір жейтұғын «қызамын» деп,

Талай «талапкердің» тартқан сазай,

Аяғын атымсызда «созамын» деп.

Жүргенде қара шекпен әділдікпен,

Осындай қатерлерден аман кеткен.

Қалдырып кейінгіге мысалдарын,

Сөйледім хикаясын бастан өткен.

Заманда атқа мінген - атармандар,

Белдерін мол шекпеннің қатарғандар,

Бүлінбей, жарылмай - ақ ештемесі,

Көңіліне қарап жүріп дат алғандар,

«Қасқырдай қара көңіл боламын» деп,

Достықтың аптына шаталмаңдар!

Бәрін де арамдықтың жиып алып,

Құс ұшпас қу далаға отарлаңдар!