ВЕРНУТЬСЯ

«Баһадүр» деп білмеңіз - 

 Жиынды бұзған тентекті. 

Кезеніп атар оқ емес,

«Қару» деп білме келтекті.

Жолдастыққа санама,

Жайбар ауыз көнтекті.

Арабы нардың белгісі-

Бұйдасын ірікпес, елпек - ті.

Жүгімен жүріп жүдетер,

Айыр өркеш көмпекті.

Фрғымақ аттың белгісі-

Салыңқы кеуде, еңкек - ті.

Талма тал түс болғанда-

Кигізер көзге телпекті.

Үмбетінен бідерсің,

Әйел менен еркекті.

Ата досқа санама,

Алды-артында болжал жоқ,

Жаңадан болған селтекті.

Шайырлардың сомасы -

Хикая, толғау, ертек - ті.

Халық ықыласын қайтарсам,

«Болам ба, -деймін, -нан тепті?»

Сөз тауарын білетін,

Ерлер басы келіпті,

Тербеліп жорғаң тер төкті!