ВЕРНУТЬСЯ

Абайдың оқығанмын өлең сөзін,

Сол кезде пайда болған маған сезім.

«Іші - алтын, сырты - күміс сөз жақсысын»,

Уаһ, дариқ! Ескермепті албырт кезім.

Ақынның қасіретіне ортақ болып,

Етер ем қайғысына қатаң төзім.

Не пайда, мезгілінен кейін қалып,

Арманда «көрмедім»,- деп, екі көзім.

Қазақта ондай ақын қайдан болсын,

Ақылдың аңдап білер алтын, жезін.

«Қалай да содан тәлім алам ба» деп.

Тежеймін ертелі - кеш өзімді - өзім.