ВЕРНУТЬСЯ

Әділ іс - ағын судың арнасындай,

Әділ сөз - болат семсер алмасындай.

Пайда етпе өне бойы өтірік айтып,

Жаласы қалмас бір күн жармасылмай.

Шын сөзден сан жеткісіз етсең залал,

Есесі өтеледі жалғасындай.

Жалған сөз - жасырынбас жапсаң - дағы.

Шулаған өлімтіктің қарғасындай.

Қарулы қолыңдағы ескектей - ақ,

Рас сөз - алыс жолдың арбасындай.

Алғанға-ақылыңды айт, айнымаған,

Шаң болмас сабат жердің ордасындай.

Ашудың арты - ашық өткіншідей.

Түнеріп жаумай тынбас бұрқасындай.

Аса артыұ ақымаққа ашу бітер,

Арнаның бұрып аққан ормасындай.

Және де жағымпаздық, құр қошемет,

Жалғаншы жалдаптардың жарнасындай.

Жігітке жаңғалақтық жараспайды,

Сиырдың тайында емген ардасындай.

Түпсіз ой, тұрақсыз іс, білімсіз күш,

Қалбиған қарақшының жалбасындай.

Білгенге: білім - байлық, бағасы артық,

Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.

Үйренсең өнер - білім, өшпес мұра,

Таусылмас тау кенінің қордасындай.