ВЕРНУТЬСЯ

Біреудің, жан - аманат, мүлкіндей - ақ, 

Берерсің: «керек» десе, іркілмей - ақ.

Ұйтқытқан үш бұзықтың тіліне еріп,

Біз жүрміз: бермей қалу мүмкіндей - ақ.

Ізіңде ізерттесіп ібіліс жүр,

Майпаздап бала баққан кемпірдей - ақ.

Нәпсі - ақмақ, ақылыңды алпыс бөлер,

Ойыңа ешбір қайғы келтірмей - ақ.

Әртүрлі бұзықтықты салады ойға,

«Жалғанды біл, - деп, - жердің беркіндей - ақ!»

Келеміз қартайғанша қамсыздықпен ,

Балалар әйкел қаққан мұлтындай - ақ.

Бойыңа сөйтіп жүріп тон пішеді,

Ағаштың құлаш тұтам тұрқындай - ақ.

Жалықпай жалғаншы үшін жазы - қысы,

Ит жортақ жүрісіміз бүлкілдей - ақ.

Жалғаншы жайтаң қағып және алдайды,

Түлкінің тұра қашқан көркіндей - ақ.

Дүниеге көңілің алаң,  күдіктенбей,

Тозаңнан тұтып жатқан сілкінбей - ақ.

Артыңа жастан жиған қалар мүлкің,

Алдаушы салдақы - қар шіркіндей - ақ.

Тамаша талай жылғы көрген дәурен,

Ақыры болмай қалар бір күндей - ақ.

Қолынан шын шебердің пішілген тон,

Жарасар жаға - басы, мінтілмей - ақ.

Алдыңда түрлі мүшкіл толып жатыр,

Бол, көңілім, құба - төбел, құлпырмай - ақ!

Өзіңді күнілгері көр тексеріп,

Түбіңе тиіп балта қырқылмай - ақ!

Сөзіңді бір - екі ауыз міндет етіп,

Көмпиме көн етіктің ұртындай - ақ.

Ет әдет елбеңдікпен, ежіреймей,

Нарқы артық наз бедеудің, қымтынбай - ақ.

Қиялым, халқым үшін қызмет еткіл,

Дәмесіз данышпанның құлқындый - ақ.

Жан барда, лебіз ашып, сөйле, тілім,

Денемсің кең шарбақтың құлпындай - ақ!

Бәйгені басым жүйрік қайтседе алар,

Алысып ауыздықпен жұлқынбай - ақ.

Тартынба танабыңнан, көңіл, шіркін,

Жазық бол, сыпалардың сыртындай - ақ!

Балалық - көктемдегі көлге айналып,

Жыл құсы жинау қонған жыңқылдай - ақ.

Жігітке жиырма бес жас - үлкен  зейнет,

Мағшұқтың маржан таққан зұлпындай - ақ.

Көңіліңе келер сонда толық байлық,

Қарайып отар жатқан жылқыңдай - ақ!

Сол дәуір сөцтіп бір күн басылады,

Шығанға шығып қайтқан толқындай - ақ.

Отыз жас - ор қабақтың ойқылындай,

Аяққа түскен сарсық кілтіңдей - ақ.

Қырықта - қыс нышаны қыркүйектің,

Кетірген ұйқы нашын: «Тұр - тұрдай - ақ!»

Сонан соң ақуалықтан айрыларсың,

Қарияның үлгі берген ұлтындай - ақ.

Еңсеңе әлі - ақ бір күн мінеді - елу,

Қазанның қара түнек бұлтындай - ақ.

Жайтаңдап жан бауырдан қашса алтайы,

Тұрарсың тұғырыңда ұмтылмай - ақ.

Алпыста - от басынан таяр табың,

Сор ашып, суы кеткен шұңқырдай - ақ.

Алған соң жеңіп жетпес ердің күшін,

Беденнен бейнеу кетер жырлылмай - ақ.

Сексеннің серіктікке сенімі жоқ,

Жегіннің жедел жеген құртындай - ақ.

Тоқсанда - торға түсіп торығарсың,

Бәйтерек құлап түскен кесілмей - ақ.

Келбетің келіспейді, кейпің нашар,

Құр кеуде кебенексің шешінбей - ақ.

Жүз жастың - жүзі құрсын жылуы жоқ,

Секілді өткен өмірің бір пұлдай - ақ.

Тозарсың сының кеміп, сырың кетіп,

Болсаңда қанша сұлу мүсіндей - ақ.

Бұл күнгі тар заманның тақсыңында,

Шамшырақ күңгірт тартар ашырмай - ақ.

Енді өмір - екі талай ер басына,

Құба жон құлазиды көшірмей - ақ.

Жүз жасап, жолың болып жолға түссең,

Халқыңа қадіріңдң қашырмай - ақ.

Артыңда қанат - құйрық қалса нышан,

Жөн тартып жөнеле бер кідірмей - ақ.

«Асуда әлде қандай болармыз?»-деп,

Жар - досқа бұл - наз - күйірке күңкілдей - ақ.

Ауыр күн мұнан артық не болады,

Зор дауыс - сахардағы сұңқылдай - ақ.

Дейтін жас: «Кею аналық»,келер кезің,

Аяққа жұққан балшық сүртілмей - ақ.

Қаратып қалған күнді үй қамына,

Не жетсін, тек жүргенге түртінбей - ақ.

Бір күні ажал келсе,алар, кетер,

Қалыңның қаптап жанған өртіндей - ақ.

Қапылат жастығында жата бермей,

Байқа, өлім - басыңдағы бөркіндей - ақ.

Сөз қалдыр соңғыларға нышан етіп,

Бір байдың қыстап кеткен жұртындай ақ!

Жаңалық жазып форма таратамын,

Мерзімі әр мезгілдің менікіндей - ақ.