ВЕРНУТЬСЯ

Ұлықпандай мың жас әркім жасай алмас, 

Жаратқан бұйрығынан ешкім қалмас.

Дүниенің төрт бұрышын ұстағанмен,

Дем бітсе, кесер басты ажал алмас.

Шылдырмақ жас баланың ойнындай,

Азды күн дүние ғой көңіл алдас.

Басты иген көп құлшылық неге керек,

Де де ғой: «Екі дүниеңді өзің оңдас!»

Тар заман құрсауында өтседе өмір,

Адамдық қасиетке жастан жармас!

Мәз болмай азды күнгі күн көріске,

Есіңе ал келешекті жора - жолдас.