ВЕРНУТЬСЯ

       Басында
бардай-ақ бір ашу, қайғы,

Мына күн неге
ғана ашылмайды.

Аспанды
айбынымен жабырқатып,

Қара бұлт қап-қара бір шашын жайды.

Аспан да көңілімдей
күңгірт еді,

Жас парлап
жанарынан, дым бүркеді.

Сап-салқын
саусағымен сәл аялап,

Бақтарды қоңыр
әнмен мүлгітеді.

Көктемнің жазға
ауысар кезі ме бұл,

Ойларға бастап
кетті өзі небір.

Жарқ етіп ашылшы
күн,

мұңдандырмай,

Сыйлашы жанға
шуақ, көзіме нұр.