ВЕРНУТЬСЯ

Бозбаланың күнделігіненБірінші жырСағындым ғой,Жаным-ау өзіңді ойлап,Кездесуші ек,Сезімнен жан алаулап.Жүрмін, міне, біле алмай хабарыңды,Құр сүлдемінҚапыда қалған сорлап.Сағындым ғой,Өзіңді қайдан табам?Кездер естеАлаңсыз сайраңдаған.Қаладай құлазидыҚайран көңілЖау тиіп ойрандаған.Сағындым ғой,Өзегім толған жалын,Оның емі –Сен, бейне жауған жауын.Аңсаттырдың сағымға айналғандай,БолармысыңБасымнан ауған бағым?.. Екінші жырЖаным менің, сен мені ұмыттың ба?Жан-жүрегін басқаның жылыттың ба?Маған деген сезімің мөлдір еді,Лайланып қалғаны-ау, тұнықтың да. Жаным менің, сен мені ұмыттың ба?Бөрідейін жортамын ұлып қырда.“Сүйем” деген сөзіңді анттай көрдім,Сен өзің махаббатты шын ұқтың ба?.. Жаным менің, сен мені ұмыттың ба?“Жасанды әдет жоқ  деуші ем  қылықтымда”.Басқа жанға бас имей жүруші едің,Болғаны ғой ұзыны құрықтың да. Жаным менің, сен мені ұмыттың ба?Елемеуші ең пәрменін ұлықтың да.Әлде біреу араға өшпес от сап,Көрместей-ақ көңілді суыттың ба?.. Үшінші жырСені ойлаймын,Жүректі кім емдемек?..Қарайлаймын,Қыз көрсем сен бе екен деп.Өзің боп сыбырлайтын,Көңілімді жиі алдайтын,Не деген жел де “тентек”?..Өзіңмен өткен күнім –Сүйікті ертек,Түк үнсіз кеткендігіңЖүректі өртеп,Түнімен тыпыршимын, еске аламын,Сәттерді аймаласқан:“Тілек бір” деп.Өзіңсіз ісім күйбең,Өнбегендей,СүймесіңеКөңілім сенбегендей.Тірліктің шырмауынан шыға алмай,Сағынып жүр ме екенсіңСен де мендей?..  Төртінші жырБір келерсің,Келмеуің мүмкін емес.Көп күн өтті,Гүл бейнең, күлкің елес.Қалайша маған деген бұла сезімЖаныңды оңашада сілкілемес?..Бір келерсің,Келмеуің мүмкін емес.Өзіңді тұсаулай бер,Мың күн егес.Сағыныш маған деген, біле-білсең,Арнаңа толса қалай дүркіремес?Сен мені ұмытпассың,Қашық барып,Азапқа сал өзіңдіМашықтанып.Дүниеден баз кешеді, көрмесе егерҚашан да бірін-бірі ғашық ғаріп.Бір келерсіңТіл қатып жүрегіңмен.Жалын құшып,Орарсың білегіңмен.Әйтеуір бір сен маған ораларсың,Білемін мен... Бесінші жырТұтқынымынМен сенсіз, тас қамалдың,Таусылды ғой,өмірде басқа амалым,Кеткеніңді басқаға естігенде,Жанарымды, жаным-ау, жасқа малдым,Назаландым,Тірліктен түңілгендей,Іштей тындым,Шығарар үнім кемдей,Төзе алмай жанымның азасына,Үш күннен соңЖығылдым күйім келмей.Сүйретілдім,Қалғанша құр сүлдерім,(сорлы жүрек, нені ұғып дүрсілдедің?)Саған, жаным,Сонда да кінә қоймай,Бақытты боп, жыламайжүрсін дедім...Алтыншы жырЖүрегім жұлым-жұлым,Ойым қаңгүр.Өксік – көл,Ал көз жасым бейне жаңбыр.Бұл менің сен жоқтағы көңіл күйім,Өзің білКүлесің бе?Мейлің жазғыр.!Уақыт та бос ұршықшақұр зырлаған,Мұң-зарын бұл ғаріптіңкім тыңдаған.Мендегі қуанышты,Бар күлкініАйнам-ау,Сенен басқа кім ұрлаған?..Жетінші жырТүнгі кафе...Желік отын үрлеген,Аяулыммен бірге бардымТүнде мен.Ертеңіне екі айырылдықБіз деген.Құрсын сол түнСенен шафхат іздеген.Түнгі кафе...От басады білмеген,Жазған басым,Сені неге іздеп ем?Махаббатым тапқаныңда баянынТоз-тоз болдыСорлы жүрек гүлдеген.Түнгі кафе...Сені енді жек көрем.Қашқақтаймын,Жүрем ылғи шетпенен.Тілеп тұрамБіздің жолды берме деп,Қыз-жігітке солай қарай беттеген.Сегізінші жырСүйіп тұрып,Басқаға ергенің не?Аққу сезім, жаным-ау, ермегің бе?Қос жүректің шуағы –Ақ махаббатЕнді міне,жерленді жөргегінде.Өлді енді,Қайтейін амал бар ма?Кінәламан,Қимаймын жамандауға.Өмір деген осылай өтеді екенҚалай қарсы тұрайынШамам бар ма?..Тоғызыншы жырМінеки көктем өтті,жазым келді.“Көңілге –күй,жүрекке сазым келді ”,Дей алмай мен отырмынМұңға батып,Елес ғыпсенің әсем назыңды енді.Тыншыды,Көңілім де алып-ұшқан,Жапырақша сарғайдым сағыныштан.Айырылған сыңарынан аққудайынСенсіз менің басымнанБағым ұшқан...Оныншы жырРас болдыІштегі жорамалым,өзгеріптібастағы орамалың.Кездесіп екЕліктей дір-дір еттің,Мен де үнсізбін,Таусылған бар амалым.“Кешір” дедіңБоталап мөлдір көзің,Құрсын бәрі,Дал болдым мен де өзім.Ессіз жандайМәңгіріп тұрып қаппын.Қайда, қайдаБаяғы ғашық сезім?!Жүруші едікЕкеуміз уәде нықтай,Жанарыңнан жас тамдыТаңғы шықтай.“Бақытты болсаң болды”Деген болдым,Көкірек күмбірледі,Үнім шықпай.Шыным осыТілеймін бақытыңды,Жоғалтқандай болсам дажақұтымды.Өмірімнің ең қимас шағы деймінӨзіңмен бірге өткізгенуақытымды.Өмір-өзенЗаңына бағынамыз.Шаттанармыз,Күлерміз, жабығармыз.                                                                                    Пәк махаббат баураған бұла шақтыБір күндеріЕске алып, сағынармыз. Он бірінші жырЖанардың отын мұң басып,Жігерің құмға айналып,Өмірден қалған тым жасып,Бойыңа үлкен қайғы алып. Тұрғаныңда көрдім менШегіне жетіп төзімнің,Махаббатыңды сөндіргенЖандай боп маған көріндің. Елестеп кетті көзімеБұрынғы көктем гүл өңің.Тәнті болған өзіңеКезімді және білемін. Ұзын боп созған қармағың,Сезбедің өмір салмағын.Махаббатты тәрк етіп,Пұшайман етіп алдадың. “Тарттырдың соның зардабын,Қорлады барған жан-жарым”,Дедің сен терең күрсініп,-“Тікенек болды қолдағым ”. Жібек ең келмей түтімің,Гүл едің келмей күтімің,Қиналып міне, тұрсың сенЕлшідей жойған бітімін. Не дейін саған, не дейін,Жаныңа таза сенейін.Адасып ұшқан аққуғаЖаным-ау, сені теңейін. Қайтадан көктеп желегің,Асқақтап шықсын өлеңің.Мұңайып жүрген, құрбыжан,Қуанғаныңды көрейін.