ВЕРНУТЬСЯ

    Дариға қарғам, сен үшін

Ектім өмір жемісін.

Түсінерсің өскен соң,

Ұғарсың
жырдың желісін.

Әкең сенің Қасым-ды,

Адалдыққа бас ұрды.

Түсінбеді кей пенде,

Әкең сырын жасырды.

Жігіттің көрдік
жүйрік, шабанын да, 

Япыр-ай, бір шаба алмай қаламын ба?

Үстімнен қойды-ау түспей қара тоным

Көк бөрік, көк жағаның заманында