Сонау өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Жәнібек аудандық
«Октябрь туы» газетінде жұмыс істеп жүрген кезім. Аға әріптесім Қалимолла деген
азамат менімен жұмыстас болған-ды. Ол қазір Орал қаласында тұрады. Мінезі
жайлы, әзіл әңгіме, қуақы сөзге үйір жан. Бірде ыңылдап отырған жерінен түстім.
-Қалеке, не айтып отырсыз?-дедім.
-Көңіл-күйім келіп, екі жол өлең шығарып отырғаным ғой,-деді
ағамыз жымиып.
-Қандай?-
-Ал тыңда...
Елімізді билейді өңкей Тана,
Күнелтіп жүр ортасында ұзын Бала...
-Қалеке, қалай меңзеп тұрсыз?-
-Ол былай ғой. Біздегі редактор да, оның орынбасары да және
бухгалтер де Тана руынан. Енді олар билемегенде, не қалды? «Күнелтіп жүрген»
мына менің өзім. Солай емес пе?!-
-Иә,-деп, күлдік те қойдық.
- 123 просмотра