ВЕРНУТЬСЯ

       Өткен мыңжылдықтың Х!-Х!!! ғасырлары мұсылман әлемі үшін
мейлінше қиын-қыстау заман болғанын айтуымыз керек. Х! ғасырда басталған Батыс
қарақшыларының шармақ (крест)  жорықтары
арада 150 жылдай уақыт өткен моңғол басқыншыларының қанды қырғынына  ұласты. Өкініштісі сол, феодалдық
бытыраңқылық жағдайында өмір сүріп жатқан мұсылман мемлекеттері бірден басын
біріктіріп, шармақ тағынғандарға дер кезінде пәрменді тойтарыс бере алған жоқ.
Соны пайдаланып, кеудесіне шармақ тағып, сауыт құрсанған жауыздар қарулы
қарсыластары былай тұрсын, қатын, бала-шаға, қарттарды кездескен жерде найзаның
ұшына, қылыштың жүзіне іліп, аяусыз қырып салып отырды. Бүгінде батыстық және
орыстық әдебиет пен кинотуындыларда сол кездегі неміс, ағылшын, француз,
итальян рыцарларын жайсаң жандар етіп дәріптеу, ал олардың қарсыластарын жабайы
ретінде көрсету сарыны байқалады. Шындыққа қиянат ол! Шармақ тағынғандар ешқашан
ізгі де, әділ де болып көрген жоқ, олай мүмкін де емес!