ВЕРНУТЬСЯ

         Алайда қызғанудың да қызғануы бар. Сондықтан әйелінің басқан
ізін аңдып, кез келг ен қылығына, әрекетіне күдікпен қарауды мақұлдай алмаймыз.
Мұндай қызғаныш кейде  ер адамды ауыр
жүйке ауруына шалдықтыруы мүмкін. Кейбір сондай адамдардың тіпті ау ру болуы да
ғажап емес. Оның үстіне қаншама артынан қалмай, 
аңдып, тергеп-тексерсең   де,
көңіліне «қиқым» түскен қатын пасық ниетін қалайда жүзеге асырып үлгіреді.
Жұбайына ерегісіп жасаса да, оған қыларың жоқ. Тек қана ажырасу арқылы
мәңгілікке қоштасас ың. Сонан кейін бұрынғы зайыбыңның жүзін көрмей кетсең де,
саған қояр талабы бола қоймас. Әдетте өзіне опасыздық жасаған әйелдерді
күйеулері көбіне кешірмейді.Өйткені жан-жарыңа жасаған опасыздық -Отаныңды
сатып кетумен парапар. Әркімнің өз шаңырағының өзіне шағын Отан екенін айтып
түсіндірудің қажеті шамалы...