ВЕРНУТЬСЯ

           Баяғы заманда бір шал мен кемпірдің мінезсіз,
үйелмелі-сүйелмелі үш қызы болыпты. Бірде олар әрең деп тұңғыш қызын ұзатқан
екен. Арада жыл өткен соң, шал-кемпір қызын көруге құдаларына барса керек.
Сый-құрметпен қарсы алып, құдалары қонақ етеді. Сол кезде сыры ішіне сыймай
отырған құдағайы : - Құда, қызыңыз олақ әрі салақ, мінезі шайпау...-деп бір
әңгіменің шетін шығара бастайды.

Сонда құдасы: - Құдағай, айтуыңыз дұрыс.Бірақ барына
шүкірлік етіңіз. Үйдегі екі қызымның мінезі онан да өткен сорақы,-депті.