ВЕРНУТЬСЯ

        Осыдан жиырма жыл бұрын басталған Сталинді жан-жақты және
үздіксіз қаралау науқаны бүгінде толастай келген сыңайлы. Соған да шүкір.
Әйтпесе, көршілес Ресейдің Э. Радзинский, Д. Волкогонов (тек солар ғана емес!)
секілді жазғыштарының қара бояуды баттастыра жаққан жаласы мен жалғандығынан
әбден шаршадық...

Енді бекерді бекерге шығаралық. Біріншіден, И.Сталин
параноик емес, ондай ақыл-ой жүйесі дертіне шалдықпаған. Екіншіден, ешқандай
патшаның «жансызы» болмапты.  Үшіншіден,
нәпсіқұмарлығымен көзге түспесе керек. Рас, өмірінің көп бөлігін саяси
қызметіне орай Сібірде айдауда өткізгендіктен, бірнеше әйелдермен уақытша
(біздің заманымызша «азаматтық»!) некеде тұрған екен. Олардың  ата-тектері мынадай: Кузекова, Лидия Пе релыгина
және...басқалары. Біреуінен тіпті ұл көріпті. Бірақ билік басына келгенде,
олармен қарым-қатынас жасамаған да, кейін қуғындамаған да. Ал заңды некеге
тұрған әйелдері не келсек, оның жөні басқа. Оған кейінірек тоқталармыз. Бұдан
басқа, оның еш  жерде жасырын есепшоты
болмағанын айтсақ та артық емес. Сталиннің ақшақұмар, дүниеқоңыз болмағанын оны
жер-жебіріне жетіп жамандаған Д. Волкогоновтың да мойындағаны  көп нәрсені аңғартады. Атаққұмар да болмаған.
Бір ғана мысал. Онан кейінгі ел басшылары кеуделерін өңірге тағар сансыз
орден-медальдармен көмкергенде, Сталин «Жеңіс» орденін алғысы келмей, бес  жыл бойы қасарыпты. Ақыры айналасындағы  жарамсақтар қояр да қоймай, алғызғанда да,
оны таққысы келмей, жұмыс бөлмесіндегі тартпаға салып қойса керек. Ақыры сол
тартпада иесі өмірден озғанға дейін қалып қойыпты...