ВЕРНУТЬСЯ

        ...Сол қоғамның облысымыздағы бөлімшесі 1997 жылы құрылып,
сонан бері оған Кальянова Татьяна үздіксіз басшылық етіп келеді. Қандай ма
болсын мемлекеттік қолдаудан ада қоғамдық ұйымның бүгінгі тыныс-тіршілігі
қандай?...

- Бірден айтайын,- дейді Татьяна Юрийқызы,- біздің ұйым тек
жалаң құлшыныспен өмір  сүріп келеді
десем, өте орынды. Саясаттан алшақ ұйым болғандықтан, қызығушылық танытып
жатқандар да жоққа жуық. Тіпті жақсы. Өйткені барлық ит ұстаушыларды
біріктіретін ортақ сезім мен сенім - жануарларға деген ізгілік пен ықылас. Мен
мынаны баса айтар едім, табиғат пен жануарларды (мейлі үй, мейлі жабайы)
сүймеген жан адамзатты да жақсы көрмейді. Әдетте жануарларды азаптап,
жауыздықпен өлтіретіндердің кейін қаныпезер қылмыскер болып шығатыны-
дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат...

Татьяна дұрыс айтады. Өзінің сөзі мен ісінің арасында түк
алшақтық жоқтығын өмірлік болмысымен баяғыда-ақ дәлелдеп тастапты. Орал
қаласының байырғы тұрғыны, ол бала кезінен 
жылқы, ит пен мысық сынды жануарларға мейлінше үйір болған екен.
Жануарларды жұмысқа пайдаланған, күтімін де ойдағыдай істеп, ауыра қалса,
ем-домын да жасаған ...

Орта мектеп бітіргесін, Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ-да
сурет және еңбек пәні бойынша мұғалім мамандығын алып шығып, мектепте еңбек
етті. Алайда жыл өткен сайын өзінің кәсібіне бойы суып бара жатқанын айқын
сезіне бастады. Шәкірттерін ұнатпағандықтан емес, әрине. Бір түрлі жануарларға
қамқорлық жасауға құштарлық  еріксіз
өзіне тартты  да тұрды...

- Нәтижесінде жұмыстан өз еркіммен босап, осы қоғамның
жұмысына белсене араластым,- дейді бүгінде Татьяна,- Жаным сүйген және жаңа
жұмысыма орай, Жәңгірхан атындағы 
БҚАТУ-дың ветеринария бөлімінде сырттай оқып, бітіріп те алдым...

Т. Кальянова тек кинологтар қоғамы облыстық қоғамының
бөлімше төрайымы ғана емес, асығы алшысынан түскен кәсіпкер де. Өзі 2005 жылдан
бері ветеринарлық дәріхана ұстап, жануарларды алдын ала емдеу және түрлі
аурулардан сақтандыру шараларын ұйымдастырады. Оның дәріханасына келушілердің
қарасы бір сейілген емес...