ВЕРНУТЬСЯ

          Бірден айтайық, екеуі де бар. Есіретіні-жастардың тамағы
тоқ, көйлегі көк. Кейбіреулерін  ауылдағы
ата-анасының соңғы малын сатып оқытып жатқаны тіпті де жанын ауыртпайды.
Шынымен де «Әкенің ойы -балада, баланың ойы-далада». Еліктейтіні-олардың
тәрбиесі атымен жоқ. Қазір тәрбие жұмысы тіпті ауызға да алынбайды. Мектепте де,
орта және жоғары оқу орындарында да. Тек баяғы заманда  басты көрсеткіш-«пайыз» болып еді, қазір оның
орнын төлемақы мен ҰБТ ауыстырды. Оқу жылының басынан аяғына дейін еститінің
сол. Басқа рухани және ұлттық тәрбие жөнінде әңгіме ету қиын, біздегілер одан
ат-тонын ала қашады. Оның орнына «Ойбай, Батыс керім!» не «АҚШ-та мынадай бар
көрінеді!» деген алып-қашпа, тайыз мағыналы түсініктер мен пайымдаулардан
құлағың сарсиды. Сірә, қазақ атамыз осындайда 
«Біреудің қаңсығы- біреуге таңсық» деп, бекер айтпаса керек...