ВЕРНУТЬСЯ

(баллада)Семей облысындағы екіқабат әйелдер үнемі үрей үстінде. Олар радиацияның тұқымға тигізер зардабына қанық. Бұл аналар сәбиді дүниеге әкелгесін де қорқыныш жетегінен арыла алмайды....Еңлік бес оқитын қатар құрбыларына қарағанда бес жасар балаға көбірек ұқсайды...(Газеттен). Тұрғандай далам бүкіл зарға бөгіп,Қою бұлт көктің жүзін торлап өтіп,Ел аман, жерім аман дей алмадым,Тартқанда тағдыр-зауал қайран Еңлік. Іңгалап ол да өмірге көз ашқан-ды,Көрем деп ойлады ма қара аспанды?Туған жер тулақ сынды иі қашқан,Адамзат шошытулы жаратқанды. Көрмеді-ау бір күн қызық Еңлік мүлде,Етектен тұрар тартып кемдік күнде.Жап-жарық дүниеден түңілгенде,Күйзелер қалғандай бір қара түнде. Азаптың тозағы осы фәнидегі,Мұң осы Семей жақта әр үйдегі,Атомды жара берсе іргесінен,Зым-зыя болар бір күн ел іргелі. Жас іркіп екі көздің шырағына,Бүк түсіп бұғады үйде мына бала.Лағнет – айтары оның заманаға,Сәт сайын бомба үні кеп құлағына!..1990 жыл.

Автор: