ВЕРНУТЬСЯ

         Ғафу ағам,
дарқан ағам,

дарағым,

Тұмашыңа жылы көзбен қарадың.

Алда келсе тұлпарымыз жарыста,

Арқамыздан
қағуға да жарадың,

Еркелетіп бағуға
да жарадың.

Сәнім едің, әнім
едің аңсаған,

Бір рахат табушы
еді жан содан.

Жасық өлең жаза
қалсам егер де,

Жақындауға
қорқып жүрдім мен саған.

Өмір қысқа
екен-ау бір жол шұғыл,

Көңіліміз қонушы
еді көрші кіл.

Ұрысқаныңның
өзінен де

есіркеп

Тұрғаныңды сезуші едім мен сығыр.

Есіме алсам
өткен күнді, жылимын,

Тұрпатыма қарап менің жымидың.

Жобалаушы ек
келе жатқан ертеңді,

Бола қалдық
баласындай бір үйдің.

Жақын тарттың,
мені алыссың демедің,

Айқастарда тиді
талай көмегің.

Сен сөйлеуші ең
бас қосқанда өзара,

Тындау үшін
туған інің мен едім.

Ғафу аға,

Ғафекесі
баршаның,

Жүрегінде
қаншама арман, қанша мұң.

Ұрпақ
алар жемісің де мол еді

Ағашындай аулаңдағы алшаның.

Көз алдыңда
өркен жайып өсуім,

Мақтауыңды жеткізбесе, кеш, інің.

Ақын деген сөзге
сенің балама

Ғафу деген
қасиетті есімің.