(баллада)Өзі де ерек туған өрен еді,Көктемгі бейне жасыл терек еді.Жылтында жанарының жақұт тұнғанЖас ақын тумысынан бөлек еді. Кей сәтте жаз күніндей нұрланатын,Кей сәтте ойға шомып, мұңланатын,Сұлулық атаулыға көзі түссе,Сыр сандық – суаратын жырға жанын. Ғашықты шығарды есін ақыры кеп,Оянды қыр гүліне ақын жүрек.Жан сырын жайып еді жауқазынға,Жауқзын жауап берді, бақыт тілеп: -Тегінде ерекше жан ақын деген,Сөзімді құп алғайсың ақылменен.Сен мені жырға қоссаң, дән ризамын,Тек қана үзбеуіңді мақұл көрем,Болайын мәңгі ғашық ақынменен...
- 153 просмотра