ВЕРНУТЬСЯ

     Жолыққанның шығаратын додасын
Жортқан көкжал -
Қасқырдың шын дадасы
Көлеңкелі көк орманда
Кенеттен
Көріп қалды жүрген ұлды адасып.
Жаман еді жыртқыштардың ырымы,
Жұбатқандай болды бірақ ырылы.
Тұрып-тұрып,
Түк істемей балаға
Түстік жаққа кете барды бұрылып.
Өң бе?
Түс пе?
Сезбей қалды жетесі,
Солқ еткендей болды бір сәт шекесі:
Аяп еді ол балдырғанды,
Аямай
Атып салды келіп қалған әкесі!