ВЕРНУТЬСЯ

         Қайда барып құлаймын,

қайда өлемін,

Аямас-ау ажал да
ай бөбегін.

Сезіп қара
күнімнің келетінін,

Кезіп кейде
кетемін қайғы әлемін.

Аласымды ап
жүрмін бұл өмірден,

Арманыммен
табыстым, тілегіммен.

Танымады елім
деп

өкпелеуге

Хақымның да
жоқтығын білемін мен.

Еркелетті ел
мені анамдай боп,

Сәл жабықсам,
жанымда жаландайды от.

Ақыным деп
ардақтап бақты халқым,

Пәлелерден
қорғады қамалдай боп.

Өзі берген Құдайдың талабымен

Екі күннің
бірінде жанамын мен.

Бір қазаққа ұнамай қалғаныммен,

Мың қазаққа ұнаған баламын мен.

Өлең келсе,
біртүрлі жібіп денем,

Қаламымды қолға
алам үмітпенен.

Ақындықтан
басқаға мойын бұрмай,

Жүріп келем аяңдап, жүріп келем.

Ақын қайда
салмайды астағы атын,

Жөні оның жоқ
атаққа мас болатын.

Дауылдан да,
жасқанбай найзағайдан,

Қыран қайда
қақпайды жас қанатын.

Ақын деген ақ
пейіл ел бөбеғі,

Ол бәрінді барым
деп тең көреді.

Қазағымның
түтіні түзу шықса,

Менің дағы
пешімнің сөнбегені.

Ақыным-ау, оққа
үшқан әкенді ойла,

Анау жылғы от қүшқан
мекенді ойла.

Елің тыныш болса
екен алдыменен,

Сенің бағың
ашылмай кетер қайда.

Артық ішкен асың
да қатер бойға,

Жамандықты
ешқашан өкелме ойға.

Сенің жолда
қалуың мүмкін әбден,

Жетем деген
жеріңе жете алмай да.

Қазынаның
сандығын ашпа бірден,

Қатаң-ау деп
ешқашан қашпа өмірден.

Тояттаудың,
тоқтаудың керегі жоқ,

Алға қарай аянда
аш көңілмен.

Көптен саған
қүлағын түрді ауылың,

Соқтыратын шығар
деп жыр дауылын.

Шығам деген
шығарсың кезеңіңе,

Сен шықпасаң,
шығады бір бауырың.