ВЕРНУТЬСЯ

         Қыдыратын әжеге таласа еріп,

Ертегісін тындайтын дара серік.

«Үлкендердің алдынан кесіп өтпе»,

Деп өсірген ауылдың баласы едік.

Кей ағайын қиырда көріспеген

Дәм-тұз түгіл қайғынды бөліспеген.

Әжем бізге «іргелес көрші сыйлау

Тіршілікте адамға борыш», - деген.

Бір-бірінің аңсайтын сәлемдерін,

Бір-бірінің жаттайтын өлендерін.

Сары майдай сақтайтын базарлықты

Ауыз тимей қалар деп бәлен келін.

Анам келіп қалаға танданғаны,

(Оған жұмбақ әр қилы жандар бары.)

Дейді маған, «түйіскен есіктері

Көршісі көп адамның бар ма арманы.»

Даландаған кең оның киімі де,

Дархан көңіл қалды өз биігінде.

Сыйластық деп ұғатын тірлік сырын

Сүйсінемін қашан да пейіліне.

Қайран апа, жоқ мұнда дала ғұрып,

(Қатал айтсам тым теріс қалар ұғып).

Жақын деген есіктің әр жағында

Ілулі түр бірнеше қара құлып.

Арпалыспен, шабыспен күн өтеді,

Әркім өзі білгенше күнелтеді.

Өлім болса естиміз көршілерде,

Тірілердің беймәлім кім екені.

Дәл сендерше үлкенді сыйлау да аңыз,

Қам жемеңіз, біз үшін қиналмаңыз.

көрпе төсеп күтпейміз артық қонақ,

Құлып салып, әйтеуір, жинаудамыз...