ВЕРНУТЬСЯ

Көзіме менің жас тұнған кездекөңлімнің босап кеткені,Жүректен ыстық ағыстар сел боп,сезімнің боздап шектері,Бүтіндей мынау тұлабойымнанақ жауын құйып селдетіп,Жанымның жайлы толқынды,Һәм, қайғы шеккені. Көзіме менің жас тұнған кездешұрайлы шағым сол болар,Жанарым жасқа малынса-дағышуағым төгер мол болар.Дүниеге мынау қара тас болыпжаралған пенде емес ем,Тірлікте мынау шарасыз кейдекөз алдың тұман-торланар. Көзіме менің жас тұнған сәттежаныма жақын кел,қалқа,Көңілдің көлі көлкіген тұстакөкеңнен керім жан бар ма,Қиял да, шіркін, көкжиектергеқиялай ұшып кетеді,,Ұқсаймын өзім аспандағы айдысұрайтын сәби-аңғалға.. Ынтығам дәңімбаладай бейімталпынған алыс арманға,Жамандық дегенболмаса дейміносынау пәни-жалғанда,Мұндайда менің көкірегімненкөгершіндерім ұшадыМол мейірімін төккісі келіпайнала , туыс, бар маңға. Көзіме менің жас келіп егержаңбырдай болып құйылса,Қарақат жанар, қарағым менің,бірауық келіп сиыншы, ә?Қанатым бардай қалықтап сондақияға самғай ұшармын,Жан еріп кетер –Жер-Анадайын –жанарым жасқа жуынса...

Автор: