ВЕРНУТЬСЯ

           Кәрі секілдімін
аспандай,

Кәрі секілдімін
жұлдыздай.

Иығымнан бір зіл басқандай,

Төсектен мені тұрғызбай.

Тас ғасырдың шағында

Аяқты алғаш бастым ба?

Өртендім бе
жалынға,

Көмілдім бе тасқынға?

Теңізге әлде тұншығып,

Жанымның отын
бердім бе?

Ақиқат үшін құлшынып,

Аспанда жанып өлдім бе?

Көз салам зарлы
жылдарға,

Қараймын кәрі шыңдарға.

Солардың бәрі тұрғандай

Тұтасып менің тұлғамда.