ВЕРНУТЬСЯ

        Қыс асығыс кетем
дейді,

Көктем бірақ
келуге асықпайды.

Бақыт қуып жетем
дейді,

Жаңа күндер
жанымды жасытпайды.

Жалықтырды мына
қыс,

Баратұғын жағына бара берсін.

Барына да,
жоғына да мың алғыс,

Көктем келсін,

қызығын дала
көрсін.

Суығы да, ыстығы
да бәрі ойымда,

Арман әні
кетпейді көкейімнен.

Көктем келген
далаға барайын да,

Сол даламен
бірігіп кетейін мен.

Бір арманға
қалғанда енді жетіп,

Жан жарларын
өксітіп, мөлдіретіп,

"Енді сен
айт мына біз айтпағанды"-

Деді дағы көп
аға қалды кетіп.

Кетіп қалды
келмеске олар мәңгі,

Күйік жаулап, бұлт басты қара орманды.

Аспанға ұшып кетті ғой барлығы да,

Жүректері жұлдыз боп жанар мәңгі.

Дей алмаймын жай
жүрген нан соғармын

Артық айтып бір
жерде, кем соғармын.

Жиындарда сөз
алып сөйлеп жүрем

Жоқтаушысы
секілді мен солардың.

Қайтсең дағы
халқыңа сөзіңді
өткіз,

Шұғылалы, шуақты сезімді өткіз.

От жырларын
жатқа соқ ағалардың,

Жақсылыққа
бәрінің көзін жеткіз.

Ойлануға уақыт
жоқ той баруға,

Өтіп
жатыр көп қызық қойлы ауылда.

Мініп барар атым
жоқ оған және,

Қызықтар көп
Асының жайлауында.

Жиі барғым
келеді шилі ауылға,

Бөлек оның қабылдау, сыйлауы да.

Жеңіл-желпі
жүргенді көрем жақсы,

Жұмсай бергім келмейді миды ауырға.

Өткендерге
өкінбен өкпемді үзіп,

Күнмен бірге
келеді көктем жүзіп.

Менікі емес,
оныкі кеше туған

Мені ойға
батырып кеткен

қызық.

Секілді едім
ірілеу, ұсақ тарттым,

Баяғы бір
қарияға ұқсап қаппын.

Көңілімнің
аспаны аласарып,

Бақытым деп
басқаны құшақтаппын.

Өмір, өмір,
қимайтын қайран өмір,

Көк тіреген
баяғы қайда көңіл.

Қанатымен
желпуші ед періштелер,

Әзілге де елтуші
ем майда жеңіл.

Енді бүгін
кеткендей бәрі ауырлап,

Бағымды да
жүргендей біреу ұрлап.

Қашан алып
тынары белгісіздеу,

Ажал мені
жүргендей қарауылдап.