ВЕРНУТЬСЯ

          1912 жылы Лена
жұмыскерлерінің

қанды оқиғасында
бірге болғаң

Угарға арнадым.

1Әлдеқайда,
қараңғы бір бұрышта,

Жақында емес,
сонау Қиыр-Шығыста...

Еңбек еткен,
мыңдаған жұрт бар еді,

Кұн-тұн демей
жүретұғын жұмыста.

Ол мыңдардың
көрген күні түн еді,

Көрген жарық өлген
күнмен бір еді,

Күні бойы «ауа»
орнына шаң жұтып,

Қайтып келіп
тағы сазға түнеді.

Жүз кез жердің үңгірледі
балшығын,

Көл боп суы ағып
жатқан тамшының,

Қойын-қоншы
саз-балшыққа лық толып,

Тауса алмайсың
келсе-дағы аршығың.

Қолда фонарь,
көкшіл тасты қулады,

Көп іздеді
табылмады бунағы.

«Динамитті»
тығып қойып соққанда,

Тас асаудай
күл-дал болып тулады.

Отқа күйіп
тастан алтын қорытты,

Көп қорытты, көп
істеді, зорықты,

«Еңбек ауыр,
тұрмыс нашар!» дер еді,

Бата алмады,
иесінен қорықты.

Қорлық өтті -
шыдамады, ерленді,

«Бейнетті азайт,
ақыны мол бер» деді...

Көп жылады, көп
жыл жасы көл болды.

Тілектерін бірақ
байлар бермеді.

Көп жылады,
жасын ешкім имеді,

Енді кегін
басқаша ой биледі:

Жұмыс тастап
жатып алды жанжал қып -

Иенің де шаруасы
күйреді.

1 Мұқатай Жәнібековтің
жанасым аты.

Жанжал арты
аққан қанмен жуылды.

Кебі атылып,
кебі орнынан қуылды,

Көздерінен жас
орнына қан ақты,

Үзілді үміт,
енді көңіл суынды...

2

Әлдеқайда,
қараңғы бір бұрышта,

Жақында емес,
Қиыр сонау Шығыста,

Еңбек еткен
мың-мыңдаған жандар жүр,

Сегіз сағат
мезгілімен жұмыста.

Ортасында
«Фабзавком» бар сайлаулы.

Заводында қызыл
жалау байлаулы.

Не тілесе бәрі
даяр алдында,

Клубы бар,
демалуға арнаулы.

Балаларға арнап
мектеп салынған,

Білім тасып
тартып жатыр тамырдан,

Сауатсыздық
түгелінен жойылып,

Қараңғылық
көңілінен арылған.

Ұлы-кіші
түгелінен көңілді,

Істейтұғын
еңбегі де өнімді,

Жанжал, дау жоқ,
тату-тәтті өмірі,

Бірліктері
бұзылмауға сенімді.

Өлеңдетіп көкшіл
тасты қопарып,

Өлеңдетіп
қорытуға апарып,

Өлеңдетіп
өндірісті өндіріп,

Істеп жатыр
бұрқыратып қотарып.

Неге бұлай?
Заман қазір өзгерді,

Теңдік күнді
жарқыратып көз көрді,

Көп алысып, көп
жыл жылап, күресіп,

Еңбекшілер басып
түсті безбенді.

Казір завод -
жұмыскердің өз мүлкі,

Енді іс жоқ
түсінбейтін көрбілте,

Енді елдің түп
қазығы соларда,

Енді елдер -
жұмыскердің өз жұрты.

Жаса, Лена, қан
да, бал да ұрттадың!

Алтын бер деп
күтіп отыр жұрттарың

Не көрмедің, не
нәрсеге көнбедің

Казір ғана жарық
жерге шыққаның!

1926