ВЕРНУТЬСЯ

        Әлі алдан үміт етіп келем мен,

Ассамдағы талай қырқа, белеңнен.

Сыйластар да сырт айналар бір
кезде,

Айырмасын деп тілеймін өлеңнен.

Күндіз-түні қағаз-қалам алдымда,

Жанды баурар бір тылсым бар мұнда.

Шаршағанда аунап-қунап қайтамын,

Өзім өскен өңірдегі шалғынға.

Қоңыраумын шығаратын қоңыр үн,

Сергектіктен жаңылмайды көңілім.

Той іздемей, ой іздеумен өрелі,

Өтіп келе жатыр менің өмірім.

Қанағат қып бар нәрсеге қолдағы

Жүрген жанмын, көпке мәлім ол жағы.

Ұрпақтарым, менен
байлық күтпеңдер,

Жұрт оқитын жыр қалдырсам
болғаны!