ВЕРНУТЬСЯ

        Мен жақсылап
демалдым,

көп демалдым,

Еркелете
бермейді елеп әркім.

Демалысқа келген
бір қан соғыстан

Күйін кештім
кәрілеу генералдың.

Демалуға берді
күн маған мұрсат,

Қиялданам, көз
ілем және бір сәт.

Ұйықтатуға
епті екен жайлы төсек,

Оятады және өзі
апама ұқсап.

Кәрілікке
қайтеміз қайғы ойлатып,

Ақындықты не
керек айғайлатып.

Қонақ ағам ішсін
деп мезгілімен,

Бір-екі қыз
шауып жүр шай қайнатып.

Оңашада
сырластым қанша күнмен,

Қиялдан да,
ойдан да шаршадым мен.

Қызықтардан
қалғам жоқ жігіт көрер

Гүл теруге
барғам жоқ Аршагүлмен.

Бей-жайлау бір
қалып бар осы менде,

Сыр бөлісем
жауымның досымен де.

Бір арманмен
еріксіз қоштасып ем,

Бір арманды жүрмін
бе тосып әлде?!

Алдымдағы өзен
де ат өтердей,

Жаутаңдайды
жарым да қате термей.

Бір күн шығып
жарқ етіп көңілімде,

Бастап мені
алысқа әкетердей

Бір күй кештім,

бәрі де сенің
арқаң,

Айтпасыма
болмады сеніп, қалқам.

Әрі қарай
айтпай-ақ қой дегендей,

Сезіміме ақылым керіпті арқан.