ВЕРНУТЬСЯ

      Жүзің қызыл шырайлы,

Қарындасым
Мүгілсін.

Боянбауың
ұнайды,

Боянбай-ақ сұлусың.

Ажарың бар
аяулы,

Бояуға онша
өкінбе.

Табиғаттың бояуы

Тұр өзіңнің
бетіңде.

Шулады орман
кешкілік,

Жел артынан
жауды қар.

Теңіз жатты
тепсініп,

Сыңсыды жас
қайыңдар.

Көк жүзіне
біріндеп

Көтерілді жұлдыздар.

Даусың кетті
дірілдеп,

Кірпігіңде бір ірбар.

Кетіп қалдың
көрсетпей

Тамшы жасын
көзіңнің.

Тал бойыңдай
өзіңнің

Нәзік еді
сезімің.

Сол екен ғой,
кім білген,

Жолығысу ақырғы.

Өткен күндер
гүлдермен

Түсіме еніп,
шақырды.

Шулады орман
кешкілік,

Жел артынан
жауды қар.

Теңіз жатты
тепсініп,

Сыңсыды жас
қайыңдар.