О, тағдыр, мені сауықтыр!
Айтатын жыр, ойым бар.
Көңілім соған ауып тұр,
Алда бір кызық тойым бар.
Бір өзім емес, көп үшін
Көкірегім толы күйім бар.
Сау болып соны шертейін,
Ауыра берсем - қиындар.
Өлең мен күйден жаралған
Мен де бір адам ғажайып.
Құтқаршы,
ауру, жараңнан,
Жазылып бір жыр жазайық.
Көңілдің күйін төгейік,
Арманда кеттік демейік,
Бәрін де беріп ел-жұртқа,
Қарыздар болмай өлейік!
1953.
- 109 просмотров