ВЕРНУТЬСЯ

       Hap тәуекел! Құлаш ұрдым қиынға,

Қайрат шіркін алып шықса, қиын ба!

Бұл
сапарда сүрініп те қалармын,

Сонда, досым, мені айыпқа бұйырма!

Жығылам деп, жүре алмаймын жәй басып.

Жүгіремін киіп-жарып, айқасып.

Мүлги берсін, ілби берсін қорқақтар,

Іш пыстырып, жалт-жалт қарап байқасып.

Жығылсам да жүгірумен өтемін,

Аяңшылдың ақылын мен не етемін.

Жығылармын, алқынармын, шаршармын,

Барар жерге бұрынырақ
жетемін.

1940.