ВЕРНУТЬСЯ

       Түн ортасы ауғанда көше жым-жырт,

Жұпар
жаңбыр себелеп ойнайды бұлт.

Таң асырған тұлпардай
тұр тыпыршып,

Қақпа алдында қалшиып жалғыз жігіт.

Жүрек лүп-лүп соғады, ұйқы сергек,

Көкірегін кей кезде ыза кернеп;

«Әлде басқа жігітпен кетті ме екен,

Heгe
алдады, япырым-ай, түнде кел деп?

Үйде деуге, - естілмейд ешбір тықыр,

Түзде болса, мұнша
кеш, ол неғып жүр?»

Деген оймен бір жылып, бірде суып,

Таң күзеткен тағатсыз жас жігіт тұр.

Алыстан айтқан сөзім өтер ме екен,

Биіксіз - созсам, қолым жетер ме екен?

Алам деп айға ұмтылған жас баладай

Қиынға қолқа салу бекер ме екен?

Тәуекел, бір сынайын өзімді өзім,

Тоғындай электрдің тисін сөзім.

Әкетті мені билеп әлдеқайда

Сұңқардай алып ұшқан жастық сезім.

Аспанда жарқыраған көп жұлдыз бар,

Мен соның біреуіне едім құмар.

Жақында сол жұлдызым
жерге түсіп,

Таба алмай, жүруші едім боп ынтызар.

Таба алмай, көп шарлап ем жердің жүзін,

Кез болдым, Сіз екенсіз сол жұлдызым.

Кең жайып құшағымды,
шақырамын,

Жаныма жылжып қана кел, жұлдызым!

24 ақпан, 1939.