ВЕРНУТЬСЯ

      Сарғая күтіп
көктемді,

Сап-сары боп су ақты...

Шынтаққа алып сексенді,

Жағада жалғыз шал жатты.

Су сарғайды ылайлы,

Шал қарғайды құдайды.

Көктем келді, сары су

Бола қалды мөп-мөлдір.

Жылға бойы у да шу,

Жамырады жас өмір...

Сылқ-сылқ етіп су күлді,

Шал бір ауыр күрсінді.

1946