ВЕРНУТЬСЯ

        Құрметті
оқушылар!

       Әрқайсымызға да
қандай жағдайда туғанымызды білу қызық болар еді.

Менің, қандай
жағдайда туғанымды, балалық шағымда бір әйелден естіген ем, қазіргі әңгіме, сол
әйелмен қалай кездесуім туралы.

Біздің ауыл ол
кезде, Ақмола облысы, Петропавл уезі, Аққусақ болысына қарайтын «Жаманшұбар»
атты мекенді қыстайды да, «Дос» атты көлді жайлайды. Қазақ елінің руға
бөлінетін заманында, біздің ауылдың арғы түбін Керей, бергі түбін Сибан дейді.

Сибан ол кезде
«ойдағы» және «қырдағы» атанып екіге бөлінеді. «Қырдағы Сибан»- Досты жайлайтын
төрт ауыл - қырық-елу үйдей. Жүзден астам үй «Ойдағы Сибан»,-Достан жиырма 6ес-отыз
шақырымдағы Есенейдің Қайраң келін жайлайды, қыстаулары елу-алпыс шақырым
жерде.

Менің сегізден
тоғызға шыққан жылым. Мезгіл жаз. Біздің ауыл Достың жағасында отыр.

Бір күні біздің
ауылдың адамдары ат-арбаларын әзірлеп әбігер бола бастады.

-        Бұлар қайда барады? - деген сұрауға:

-        Ойдағы Сибанға! - деп жауап берді
білетіндер.

-        Неге?

-        Тірісіне сәлем береді, өлгеніне бата
оқиды...

Әзірлік әртүрлі
боп жатыр: байлар үстінде сәнді қорабы

бар әдемі
тарантастарға, сайманын келістіріп, парлағак жақсы аттарды жегеді; орташалары
жадағай немесе қорабты тарантастарға жеке жақсы аттар жегеді; кедейлер бір-бір
арық «кершолақтарын» не тозығы жеткен тарантастарға, немесе екі доңғалақты
«қазақ арбаларға» жегеді... Бұл - қартаң адамдарға әзірлеп жатқан ылау.