ВЕРНУТЬСЯ

      Көз тауып мұздың нәзік ойығынан,

Төгіліп меруерт
моншақ мойынынан,

Шыққандай ерке сұлу еркіндікке

Кавказдың қарлы
суық қойынынан.

Құзардан құламалы аттан салып,

Со бір су құз қайнардан жатқан ағып,

Кей кезде
көкпеңбек боп мөлдірейді,

Құйылған көк шыныдай тақталанып.

Өмірдің
шапағатты бұлағындай,

Бойынан жастық
күші тұр арылмай.

Құлдилап биік құздан жарқырайды

Кавказдың қиқу
салған қыранындай.