ВЕРНУТЬСЯ

        «Сәлемнің де сәті бар» депті атамқазақ. Сол айтқандай, бұл өзі көптен көкейде жүрген ой еді, көппен кеңесудің орайыенді келді. Әдеби сынымыздың белсенділігі төмендеп кеткендіктен болар бірқатар жазушылардыңбірқатар аса елеулі шығармалары елеусіз қалып келеді.  Соның бір дәлелі, көркемсөздің көрнекті шебері Сәбит Досановтыңқырық жыл бұрын жарияланған, кейін бірнеше рет қайталанып жарық көрген, оны айтасызМәскеуде, Парижде, Ташкентте, Бішкекте, орыс, француз, өзбек, қырғыз, т.б. тілдердежеке кітап болып шыққан «Аруана» атты повесі. Алыс, жақын шет елдердегі әдебиетбілгірлері, атақты жазушы сыншылар аса жоғары бағалаған осы «Аруана» повесі қазақәдеби сынында әлі күнге дейін өзінің әділ бағасын алған жоқ. Рас, Сәбит   Досановшығармашылығы туралы сөз еткенде, оның сан қырлы жазушы екені айғақтай айтылады.Ол әдебиеттің үш жанрында, көбінесе проза, поэзия, драма атты үш саласында бірдейқалам сілтеп келеді. Әдебиеттану ғылымының сын жанрынада да тер төгіп «Соңғы іздер»,«Қазына», «Жүректің отын өшірме» атты сын жинақтарын шығарған. Қазақ әдебиеті тарихындаәдебиеттің барлық жанрында шығармалар жазған бірінші адам Сәбит Мұқанов екен, соданкейінгі екінші жазушы осы өзіміздің кәдімгі Сәбит Досанов.Сәбит шығармаларында қай жанр басым десек әрине прозалық шығармаларыбірінші орында тұрары анық. Дегенмен, Сәбиттің ақындығы да осал емес. Ақынның ақындығыбір өлеңінен-ақ айқын байқалады дейтін қағидалы сөз бар. Сол сөзге жүгініп, Сәбиттіңмына бір жыр жолдарын оқып көрелік:Тағдыр неге маңдайымнан өппейді,Есіл ерлер көз алдымнан кетпейді.Халықты емес қарында ойлар қазаққа,Абылай, Бұқар, Қабанбай баба жетпейді.Бұл өмірден небір жайсаң өтпейді,Кемеңгерлер көз алдымнан кетпейді,Тірлігі көп, бірлігі жоқ қазаққа,Төле, Қазыбек, Әйтеке би жетпейді.... Ақылмандар көз алдымнан кетпейді,Құр жылаумен көздің жасы кетпейді.Бағаламасаң бағыланың мен барыңды,Тарих бізге нұр-шұғыласын төкпейді!Осынау өлең жолдарындағы ақынның айтар ойы оқырманын еріксізелең еткізері анық. Және кім-кімнің де көкейіне қона кетерін, санаңа салмақ түсіретіназаматтық ой. Поэзиядағы азаматтық әуен, азаматтық, патриоттық үн дегеніміз мінеосы. Шынында, тірлігі көп бірлігі жоқ қазаққа қазір атақты үш бірдей дана тұлғаларжетпей отырғаны, сондай кемеңгер көсем ақыл иелерін аңсап жүргеніміз ақиқат емеспе? Бұл ақынның көптің ойының дәл үстінен дөп түсіп айта білуі деген сөз. Жырдыңұйқастары да келісті топтасқан. Үш буынды, толымды, жарау аттай желісті ұйқаспенжазылған. Соңғы өлең төркінінді ақын бағыланыңды бағалай біл қазақ! Деп салмақтыой тастайды.Ақын қазақ деген тірлігі көп, бірлігі жоқ халқы үшін, оның бүгінімен болашағы үшін қам жеп, қатты қамығып жүреді.Полигон - жүректегі жарам менің,Аралым мен өзіңе алаң едім.Қазағым енді қайтіп күн көрер деп,Жүк түскен  жүрегіне балаң едім.Сол аздай дайындықсыз нарық келді,Байлықты жылпозстарға алып берді.Ғылым мен мәдениет жетімсіреп,Тағы бір тауқіметті алып келді,-деп қазіргі шындықты айтып күрсінеді.Орыстың ұлы ақыны Некрасовтың: «Ақын болу өз еркің, бірақ азаматболу парыз-міндетің» деген тамаша қанатты сөзі бар. Бұл жазушы болсаң да, ақын болсаңда алдымен азамат болуың керек деген сөз.Сәбиттің өлеңдерінен де, прозалық көркем шығармаларынан да, очерк-суреттемелеріненде Некрасов  талап еткен азаматтық үн-әуен менмұндалып көрініп тұрады. Сәбиттіңазаматтық позциясы айқын.Халық қамын жеген ұлға азап көп,Правдадан сөйледім мен қазақ боп.Қаламымды қару етіп жұмсадым,Тәуелсіздік алғанша елім азат бо,-деп ақын ағынанақтарылады.Сәбит қалай Сәбит болды? Қалай танылды? Өз талантын жазушы - қаламгерлерортасында қалай танытты, қалай мойындатты? дегенге келсек, жазушыларды, әдебиетсыншыларын жалт қаратқан оның «Аруана» повесі дер едік. Мен оны бір кезде, яғнибұдан қырық жыл бұрын оқырман есебінде оқып сүйсінген едім. Кеше оны сыншыкөзімен қайта оқып шықтым. «Аруана» туралы соншама тамсана мадақтап жазғандардыңберген аса жоғары бағаларының қаншалықты растығына көз жеткізгім келді.Жазушылардың қаламынан әр тұста әрқалай туындылар туып жатады.Көркемдігі кемшін, оқиғалары жасандылау болып олқылықтар орын алатын кездерікездеседі. Ол күнәдан Сәбит те пәк емес. Бірақ «Аруана» повесі құйылған қорғасындай,салмақты, мінсіз шыққан шын мәнінде қоспасыз классикалық дәрежедегі шығарма екенінетолық көзім жетті.Мен «Аруананы» Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә», Эрнес Хеменгуйдіңатақты «Шал мен теңіз» атты шығармаларымен қатар қояр едім. Бұл тарихи,философиялық, психологиялық аса тартымды, көркемдігі де аса жоғары повесть.Шығарма қалмақ шапқыншылығына ұшырап, жау қолында тұтқында кеткен аруана інген,жас батыр Тауман мен қарындасы ару қыз Қазына және оның сүйген жігітіҚылышбайдың туған жер мен туған елді аңсап жау жерінен қашып шығуы, сол ауыржолдағы қуғын-сүргін күрестерді тамаша суреттейді. Аруана-інген қуғыннан қашып,қамаған, талаған, қасқырлармен арпалысып, ақыры туған жерге, иесінің босағасынакеліп жетіп, жан тапсырады. Қазына жауға жар болмайын деп қазатабады.Тауман ғана.Жүрекке сөзі дәру-дәрі болған,Арулар елдің намыс ары болған.Ауырады жүрегім қыздарды ойлап,Шарасыздан жауының жары болған!Көркем шығармаға қойылар басты талап оқиғаның тартымды,нанымды болуы ғана емес, көркем шығарма көркем, әсерлі шұрайлы тілмен жазылуытиіс. Қазақ тілінің - ана тіліміздің керемет байлығы, образдылығы, бейнелігікөркем шығармадан көрініс табуы керек. Көркемдік  кестедегі: эпизод, метафора,балау, теңеу, суреттеу, әсерлеу т.б. айшықты сөздер молынан қолданылып көктемгіқызғалдақты қырлардай көздің жауын алуы керек.Сәбит - жазушының тілі аса бай. Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтенбастап, орыс, татар, грузин т.б. ұлттардың оқырмандары, жазушылары, сыншыларыСәбиттің тіліне сүйсініп, тамсанып тамаша пікірлер жазған.«Аруана» ақ өлеңмен жазылған поэма деп бағалаған. Шынында солай.Сәбит суреттеудің үздік шебері.Ақын үшін, жазушы үшін мың мақтау сөзден өз шығармасынан бірауыз өлең, бір үзінді оқып берсең, сол артық. Сол тұрғыдан келіп бірер үзінді оқылық.«Аруананың әлде бір алыс сапарды аңсап алабұртқанына, міне, бүгіналтыншы тәулік. Қатыгез тағдыр жау жеріне еріксіз жетелеп әкелгелі аттай жетпіскүн өтіпті арада. Содан бері аруанаға бір тылсым күш күні-түні тыным бермейді. Көңілалыс қалған өлкені аңсап, беймәлім бір түйсік тықыршытады. Сонан бері оныңқап-қара, мөп-мөлдір, үлкен көз қарашығында туған жердің аспаны аунақшып, аққуқанатындай ақшарбы бұлттар жүзеді. Көз алдынан өзі туып өскен өлкенің көкшілкөлдері, көкторғын сағымы көлбейді. Алабота мен түйемойнақтың, жусан мен жантақтың,изеннің ашқылтым исі мұрынын жарады... Соның бәрі көңілін тербейді, жаудырағанжанарына сағыныш жасын оралтады. «Тәңірім-ау, төскейінде жайраңдап жүрген,тайраңдап шапқан шақтарда, білмеппін ғой мен бейбақ туған жердің қадірін» дегензерде сезім оның жатса-тұрса дұғасы» деп басталған шығарма қажет кезінде:«Аруана желмаядай желіп келеді, арманына еріп келеді. Арқа жоны күнге күйді,дала желі бетін сүйді...» деген ақ өлеңмен өрнектеледі. Шығарманың түйіні детап-тұйнақтай. Бір ғана мысал:«Тағдырдың тас қамалын талқан қып, туған жер төсіне жетіп жығылғанаруананың көл-көсір көз жасын көргенде ел ішіндегі кейбір ездердің еркектігіесіне түсіп, жауда кеткен есесін ойлады, азапты кешіп, ажалмен кезіккенаруананың қайраты мен қайғысы әйелдердің де жігерін жаныды. Еңбектеген бала менеңкейген қартқа дейін іштей ширығып, шымырқанды. Кеудесін кек кернеген ауыладамдары дәл қазір таулы-таяғы қалмай атқа қонуға дайын еді.Аруана әлі ағыл-тегіл жылап жатыр. Ол көкірек толы мұңын сөзбенемес, көзбен айтады. Тілсіз жануар жаудың жалғыз ботасынан тірідей айырғанқатыгездігін, жат елдегі қайғысын, өзінің шеменде шерін, күйреген күйін, ажалалдындағы азасын, тартқан азабы мен тапқан арманын... жанардан аққан жаспенбаяндайды. Елдік жолы, ерлік салты қасиетті туған жерді қастерлеу, сол үшінегер қажет болса, дозақ отына түсіп, қияметтің қыл көпірінен өту дейді ол».Маған Сәбиттің «Аруанасына» айтылған көптеген мадақ пікірлердіңішінен ең қатты ұнағаны, ең әділ айтқаны грузин ақыны Мурман Джгубуряның сөзіболды. Ол былай дейді: «Аруананы қазақ мектептерінде оқытатын шығар. Бұлпоэманы басқа да мектептерде оқыту керек. Өйткені мұның маңызы өте зор. Бұл -табиғат туралы, соғыс пен бейбітшілік туралы, жат жер мен туған жер туралыпоэма, адамның жан дүниесінің кеңдігі туралы тамаша толғау. «Аруана» - асылтас, бриллиант, ғажап поэма!Міне бұл шындық сөз, әділ баға! Сәбит тірлігі көп, бірлігі жоққазақ жазушысы болмай, өзбек немесе грузин жазушысы болғанда «Аруана» баяғыдамектеп оқулықтарына енеді екен. Әлде де кеш емес, жоғары сынып әдебиет хрестоматиясынаенгізу керек-ақ. Табиғатты, туған жерді, атамекенді сүюге баулитын, патриоттық сезімдітуғызып тәрбиелейтін мұндай көркем туынды керек. 

Сәбит