ВЕРНУТЬСЯ

Сергіп бір жүрген шағымдаСерілік мені буады,Сырлас дос іздеп жаныма,Жүректен жырлар туады.Сүйетін жігіт едім менАйқара көңіл ашқанды,Сұп-суық сұрғылт өмірденҚалайды жаным қашқанды.Көктемдей болып құлпырып,Желпініп жүрсек керім-ді,Жүрегің -бұлақ жұлқынып,Сырлас дос іздер сері үнді.Па, шіркін, пәни-тірліктеЖарасым тауып жан-әлем,Дос келер деген үміттеКүндерің өтсе дәмемен.Оларды күтіп жалықсам,Мен өзім маза таппаймын.Ойларға шомып жабықсам,Тып-тыныш үйде жатпаймын.Кетемін кезіп даланы,Кетемін шарлап қаланы,Достар да мәз боп қалады,Көңілдің есіп самалы...

Автор: