ВЕРНУТЬСЯ

Арғы бетте түрікмен тұр,Бергі бетте қазақ тұр,Ары өту де бері өту –Таусылмайтын азап бір...Ей, тағдырым, не дейінОсылайша мазақ қыл.Арғы бетте – ауылым,Бала дәурен сағымы.Қалып қойған бауырым,Әке-шеше қауымы.Бергі бетте – Отаным,Жері жеті атаның.Өз аспаным, өз даламШын шаттыққа батамын.Арғы бетте түрікмен тұр,Бергі бетте қазақ тұр.Барайыншы бауырғаКөрейінші азап бір.Ей, тағдырым, не дейінМазақ қылсаң, мазақ қыл.Әкіреңдеген немеденТек тезірек азат қыл!