ВЕРНУТЬСЯ

      Жаз бұтағын тербетіп,

Жамырасып құс қонып,

Күз маңдайын
терлетіп,

Уілдеген қыс
тоңып, -

Көктемге де
келіпті

Көк өрім боп сол
шынар.

Шыңнан жиған
көрікті,

Сол шынарға жан
құмар.

Бойлап алыс
бұлтқа,

Ұрынбаған
суыққа.

Шынар болып
шыныққан

Қызығам сол
шыбыққа.