ВЕРНУТЬСЯ

(Жаңаөзендегі №3 кәсіптік-техникалық училищенің 30 жылдығында оқылған өлең) Өзіңде қалып шалдуар шағым өтпелі,Асыл арманның бүршігі сенде көктеді.Құрыштай бекіп, қыран боп ұштым көгіңненАрмысың, менің шыңдалуымның мектебі. Талаптың атын мінгіздің бізге еншілеп,Үгіліп езің, өзіңнен шықты ер түлеп.Күрмеуі қиын тірлікте көрсек қағажуАнадай бейне құшаққа тарттың сан сүйеп. Зымырап жылдар тай басты бүгін ат ізін,Түлектер сендік, сап түзей қалса-шеті ұзын.Қандай күнде де шаңырағың тұрсын шайқалмайДарысын құт боп орданы бұзар отызың! Тамыры бекіп, жапырағын сенде жайды өрен,Жырласам сені теңіздей толқыр ойда өлең.Түлесін сенде төменшік тартпас текті ұлдар,Қуанта бергін осындай мерейтойменен!