ВЕРНУТЬСЯ

Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетіне жаңа түр, күрескерлік идея, жанды бейне, көркем образдар әкелген ақиық ақын, ірі қоғам қайраткері, әдебиет зерттеушісі, жазушы-драматург.Ол 1894 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туған.Сәкеннің жан-жақты білім алуы, азаматтық көзқарасының қалыптасуы Ақмоладағы приходская школада, қалалық үш кластық училищеде, 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқуымен тығыз байланысты.1914 жылы жиырма жастағы семинарист Сәкеннің "Өткен күндер" атты өлеңдер жинағы Қазанда басылып шығады.1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылғы Қазан төңкерісі Сәкен өмірінде, оның азаматтық тағдырында ерекше орын алады. Ел ішінде бала оқытып жүрген жас ақын патша қылағаннан кейін Ақмолаға келеді. Ол 1918 жылы маусым айында ақтар Ақмолада Кеңес үкіметін құлатқанға дейін жас үкіметті орнықтыруға көп еңбек етеді, әлеумет қайраткері, саяси күрескер болып шынығады. "Бақыт жолында" драмасы 1918 жылы Ақмола жастарының көшімен сахнаға қойылады. 1918 жылы 4 маусымда ақтар Ақмоладағы билікті өз қолына алғанда, бір топ күрескер жолдастарымен бірге Сәкен де атаман Анненковтың азап вагонында тауқымёт шегеді. Колчак түрмесінде отырған 9 ай тозақтан Сәкен қашып құтылады. Бұл революциялық коресстің шежіресі - "Tap жол, тайғақ кешу" романында (1927) баяндалған.Кеңес үкіметі тұсында Сәкен ірі мемлекет қайраткері дәрежесіне көтеріледі. Ол Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі, Жер-су комиссиясының председателі, 1922 жылы Қазақстан Комиссарлар Советінің председателі болып сайланады. 1922-1925 жылдары "Еңбекші қазақ" газетінің редакторы болып Сәкен қазақ баспасөзінің негізін қалады.1925-1937 жылдары Жазушылар одағында басшы болып, жоғарғы оқу орнында ұстаздық етті.Оның қаламынан туған "Асау тұлпар", "Домбыра", "Көкшетау", "Қызыл ат", "Альбатрос" т.б. сияқты поэма кітаптары, "Жер қазғандар" "Айша", "Жемістер" т.б. прозалық шығармалары, "Қазақ әдебиеті", "Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары" т.б. зерттеу еңбектері ұлттық әдебиетімізді биікке көтерген шығармалар.Сәкен сазгер ретінде қазақ музыка мәдениетінің дамуына да үлес қосты.Сталиндік жолсыз жаза ақынды 1938 жылы, ақпан айында мерт қылды. 

Сәкен