ВЕРНУТЬСЯ

        Ақын ек сәуле шашқан төңірекке,

Дерт қонып алтын сарай - көкірекке,

Қырымда қиырдағы біз жатырмыз,

Атанып ауру Қасым тесік өкпе.

Әлі ұзақ өмірімнің жазы барда,

Сенемін, тесік өкпем жазылар да.

Кей пасық күрек ұстап асыққанмен,

Қабірім өлмей жатып қазылар ма?!

«Қасымның, өлсе, барман өлігіне»

Дегеннің түссін күйік желігіне.

Ол сорлы тақырына түк шықпаған,

Сұқтанар
менің бітік егініме.

5 шілде, 1952.