ВЕРНУТЬСЯ

            Тау да бір шал

Ақ самайлы,

ақ қарлы.

Жер де бір шал

Әжім-әжім
қатпарлы.

Көл бір кемпір

Түн ұйқысын төрт бөлген,

Ұзақ
таңды

Көзін ілмей
өткерген.

Бұлақ - жігіт

Бойында қан
дуылдап,

Айқай салып,

Жел көтерген
шуылдап.

Мұнар болсын,

Тұман болсын -

Бір оған

Дүниемен
сөйлесетін

Секілді ол тірі
адам.