ВЕРНУТЬСЯ

           Таулары жатыр
Баянның

Көгінде сұңқар
ақ бұлттар,

Жерінде
Сұлтанмахмұттар,

Атамнан қалған
аяулым -

Таулары жатыр
Баянның.

Таулары жатыр
Баянның

Ойыңда мәңі
қалатын.

Ойында жасыл
келдер бар,

Жолында сынға
салатын

Жонында асу
белдер бар -

Таулары жатыр
Баянның.

Таулары жатыр
Баянның

Көк сағым болып көлеңдеп,

Алыстап кеткен
армандай.

Айқайды күтіп
елендеп,

Көрмеде тұрған тарландай.

Атамнан қалған
аяулым -

Таулары жатыр
Баянның.